"Нұрасыл" балабақшасы "Жансая 2018" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Товарищество с ограниченной ответственностью "Жансая 2018" детский сад "Нурасыл"

Мы в соц.сетях

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы "Жансая 2018" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Нұрасыл» балабақшасының " 2022 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есебі

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

1. көрсетілетін қызметті алушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қол жеткізуі;

2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;

3. мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;

4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;

6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

Ақмола облысы Қосшы қаласының ЖШС «Жансая 2018» "Нұрасыл"балабақшасында 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1. "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз / проактивті/ "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетілетін

2022 жылы -50 қызмет көрсетілді, оның ішінде "akmola.kz" ақпараттық жүйесі арқылы - 50, "электрондық үкімет" порталы арқылы-0.

2. "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2022 жылы ақпараттық жүйе арқылы – 50 қызмет көрсетілді,  оның ішінде akmola.kz  ақпараттық жүйесі арқылы 50, мемлекеттік орган арқылы -0.

2022 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы білім бөлімі жанындағы «Нұрасыл» балабақшасы «Жансая 2018» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде көрсетілетін қызметтерге қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс үшін ақпарат:

Ақмола облысы Қосшы қаласы Азаттық көшесі 17, "Жансая 2018" ЖШС "Нұрасыл" балабақшасы, телефон нөмірлері: 8 (702)336-60-36 электрондық мекенжайы bmado@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

"Нұрасыл"балабақшасының меңгерушісі: Бейсенбаева Мадина Шақанқызы

 

Жаңартылған күні: 07.04.2023 10:06
Құрылған күні: 19.06.2023 15:25

Текст